Қауіпсіздік
— пайдалы іс!
Қауіпсіздік ережелерін орындау сіздің рейтингіңізді көтереді, демек тапсырыстарды көбірек әкеліп, табысыңызды арттырады. Рейтингтен қалай айырылып қалмау керек екені және тіркелгінің не үшін біржола бұғатталуы мүмкін екені туралы айтып береміз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Осы ережелердің бұзылуы тіркелгінің бұғатталуына және сервистен шығарылып тастауға әкеледі - осы үшін тапсырыстан айырылуға тұра ма, соны ойлаңыз
Автокөліктегі бөтен адамдар
Тапсырыстарды әрқашан да жалғыз өзіңіз орындаңыз. Жолаушылардан басқа ешқандай адамның автокөлікте болмауға тиіс екенін есте ұстаңыз. Бөтен адамдардың отыруына тек жолаушының өзінің рұқсатымен ғана жол беріледі
Рульді басқаға беру
Тіркелгіні басқа адамдарға ешқандай жағдайда бермеңіз! Тапсырыстарды басқа адамның профилінен немесе тіркелгіңіздегі деректерге сәйкес келмейтін автокөлікпен орындамаңыз
ЖҚЕ ережелерін бұзу
Көлік дөрекі мәнерде айдаудан тартыныңыз, тұтас жол сызығын кесіп өтпеңіз және қызыл жарық жанып тұрғанда көшеден жүріп өтпеңіз. ЖҚЕ ережелерін ұстана отырып, көлікті ұқыпты айдауға тырысыңыз
Маршруттан ауытқу
Егер жолаушы өтініп сұрамаса, маршруттан ауытқымаңыз. Межелі жерге дейін жету үшін құрылғыдағы навигаторды пайдаланыңыз
Қолдау қызметі
Бүйір терезе арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметіне кез келген уақытта хабарласып, қажетті ақпаратты алуға болады. Біз сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.

Жүргізушілерге арналған ескертпе
Сапарға шығар алдында:
  • Автокөліктің ішін де, сыртын да таза ұстаңыз;
  • Жолаушыларға ұнамайтын жағымсыз бөтен иістің салонда жоқ екеніне көз жеткізіңіз;
  • Жолға шығар алдында әрқашан да автокөліктің техникалық күйін тексеріңіз;
  • Егер клиент тапсырыс берген кезде балалар отырғышы керек екенін көрсетсе, ондай отырғыш сізде шынымен болса ғана тапсырысты қабылдаңыз.

Сапар барысында:
  • Сыпайы әрі әдепті болыңыз;
  • Белдікті тағыныңыз және жолаушылардың тағынуын өтініңіз;
  • Қозғалыс барысында темекі тартпаңыз және телефонмен сөйлеспеңіз;
  • Қайтаратын ұсақ ақшаны әрқашан дайын ұстаңыз;
  • Егер төтенше жағдай орын алса және полицияны не жедел жәрдем машинасын шақыру қажет болса, қауіпсіздік түймесін пайдаланыңыз, ол жасыл қалқан тәріздес болады және қолданбаның басты экранында орналасады.

Сапардан кейін:
  • Жолаушының телефон нөмірін біліп алуға тырыспаңыз, онымен тек inDrive қолданбасы арқылы сөйлесіңіз;
  • Қолданбада көрсетілген сомадан артық талап етпеңіз - бұл өзіңіздің уағдаластығыңызды дөрекі түрде бұзу болып табылады.

Оқып шыққаныңыз үшін рахмет! Сәт сапар тілейміз!
Жолаушы тасымалдау қызметтерін көрсететін «inDrive» интернет-агрегаторы такси қызметі емес және ол Пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасына араласпайды. Барлық сұрауларды Пайдаланушылар өздері дербес жасайды, жібереді және орындайды.