/>

Рефералдық бағдарламаның ережелері “Досыңды шақыр”

“Inservice (Инсервис)” ЖШС сізге - inDriver қолданбасының жүргізуші ретінде тіркелген пайдаланушысына (бұдан әрі - Қатысушы) рефералдық бағдарламаға қатысуды ұсынады.
Бағдарламаға қатысу осы құжатта сипатталғандай және Бағдарламаға біз қолдануымыз мүмкін кез келген басқа талаптарға сәйкес осы Бағдарлама ережелеріне келісуді білдіреді. Егер осы Шарттарға келіспейтін болсаңыз, Бағдарламаға қатыспаңыз.

Рефералдық бағдарламаны ұйымдастырушы

Досыңды шақыр” рефералдық бағдарламасын (бұдан әрі - «Бағдарлама») “Inservice (Инсервис)” ЖШС (бұдан әрі - “Ұйымдастырушы”) Қазақстан Республикасындағы мына елді мекендерінің аумағында 2022 жылғы «30» тамыздан 2022 жылғы «30» қыркүйекке дейін жүргізеді:

Ақтау
Жаңаөзен
Форт-Шевченко
Шетпе
Бейнеу
Жетібай
Құрық
Жыңғылды
Таушық
Үштаған
Ақшымырау
Боранқұл (Опорная)
Тұщықұдық
Сай-Өтес
Шебір
Ақшүкір
Баутин
«Кендірлі» демалыс базасы
Сайын Шапағатов Сайын Шапағатов
Батыр ауылы
Қызылтөбе
Бағдарламаға қалай қатысу керек?
1) Жүргізуші-Қатысушы жаңа пайдаланушыға қолданбаны орнатуды ұсынады.
2) Жүргізуші-Қатысушы жарнамалық параққа өзінің телефон нөмірін және өзі шақырып отырған досы - жаңа пайдаланушының телефон нөмірін енгізеді
3) Жаңа пайдаланушы қолданбаны орнатады, қолданбада «Қалааралық» тарауының жүргізушісі ретінде тіркеледі
4) Жаңа пайдаланушы құжаттарды растайды
5) Егер жаңа пайдаланушы құжаттар құпталған сәттен бастап 2 (екі) апта ішінде қажетті сапар санын орындаса, онда шақырушы жүргізушінің inDriver сервисіндегі әмиянына бонустық тиындар түседі.

Бағдарламаға кім қатыса алады?

Бағдарламаға қатысу құқығына ие болу үшін Жаңа пайдаланушы төмендегі талаптардың барлығына сай болуға тиіс:
- 18 жасқа толған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекетке толық қабілетті болуға тиіс;
- inDriver пайдаланушысының қолданыстағы «Жүргізуші» ретіндегі тіркелгісі болмауға тиіс;
- inDriver мобильді қолданбасының («Қолданба» немесе «Қолданба») “Қалааралық” бөлімінде «Жүргізуші» ретінде тіркелу және Қолданбада «Тексерілді» мәртебесін алу үшін тексеру процесін сәтті аяқтау;
- директор, қызметкер, жүргізушілерді іріктеу бойынша агент немесе директордың не қызметкердің, не болмаса Ұйымдастырушының не олармен байланысты тұлғалардың жақын туысы болмауға тиіс.
- Қолданбада тіркелу кезінде «Рефералдық бағдарлама» блогында Ұйымдастырушыға Қатысушының қолданыстағы мобильді телефон нөмірін беру.
- осы ережелерге келісу;
- inDriver мобильді қолданбасының “Қалааралық” бөлімінің көмегімен “Бонусты алу шарттары мен тәртібі” бөлімінде көрсетілген сандағы сапарларды орындау

Бағдарламаға қатысу құқығына ие болу үшін Қатысушы төмендегі талаптарға сай болуға тиіс:
- 18 жасқа толған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекетке толық қабілетті болуға тиіс;
- inDriver пайдаланушысының қолданыстағы «жүргізуші» ретіндегі тіркелгісі бар болуы керек;
- өзінің қолданыстағы телефон нөмірін Жаңа пайдаланушының Ұйымдастырушыға беруіне келісім беру.
- осы ережелермен келісу;
- директор, қызметкер, жүргізушілерді іріктеу жөніндегі агент немесе директордың не қызметкердің, не болмаса Ұйымдастырушының немесе олармен байланысты тұлғалардың жақын туысы болмау.
Екі тараптың да (Қатысушы мен жаңа пайдаланушы) жоғарыда көрсетілген талаптарға бір мезгілде қатар сай келуі керек екеніне назар аударыңыз. Егер тараптардың бірі аталған талаптарға сай болмаса және (немесе) оларды орындамаса, екі тараптың да рефералдық бағдарламаға қатысуға құқығы жоқ.
Бонус алу шарттары мен тәртібі

1) Құжаттар сәтті мақұлданған сәттен бастап 2 (екі) апта ішінде шақырылған жүргізуші сапарларды орындайды, ал шақырған Қатысушы төмендегі сандағы сапарлар үшін келесі сыйақыларды алады
1 сапар - 500 теңге
3 сапар - 1000 теңге
5 сапар - 1500 теңге
7 сапар - 1500 теңге
10 сапар - 2500 теңге
2) Тек 10 минуттан асатын және 5 км-ден алыс сапарлар ғана есепке алынады
3) Шақырушы Қатысушы ең көп дегенде 10-нан аспайтын досы үшін бонус ала алады
4) Бонустар мақсаттардың орындалуына бөлінген 2 апталық мерзім өткеннен кейін 2 апта ішінде шотқа салынады
Басқа шарттар
● Бағдарлама лотерея емес және ол тек inDriver сервисінің әлеуетті мақсатты аудиториясын қамтуды жақсартуға және оған деген ынтаны арттыруға бағытталған.
● Бағдарламаның қатысушылары осы Ережемен, оның барлық өзгертулерімен және толықтыруларымен танысып шығу міндетін алады және ол үшін өзгертулерді indriver.com сайтында өз бетімен қадағалауға тиіс
● Ұйымдастырушы жаңа пайдаланушы-жүргізушілердің барлық сапарларын Бағдарламаның талаптарын орындау тұрғысынан тексереді. Ұйымдастырушы жаңа пайдаланушы-жүргізушілердің нәтижелерін себебін түсіндірместен бір жақты тәртіпте қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.
● Бағдарлама қатысушыларының бағдарламаның ұйымдастырылуына қатысты барлық ықтимал кінарат-талаптары Ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс.
● Бағдарламаға қатысу оның Қатысушыларының өз аты-жөндерін, фотосуреттері мен басқа да материалдарын Ұйымдастырушының Қатысушыларға қандай да бір ақы төлеместен кез келген жарнамалық және (немесе) ақпараттық мақсаттарда пайдалануы мүмкін екенімен келісетінін білдіреді.
● Бағдарламаға қатысу Бағдарламаға қатысушының осы Ережелерді түгелдей әрі сөзсіз қабылдайтынын, сондай-ақ Қатысушының өзі берген дербес деректерін Ұйымдастырушы өткізетін жарнамалық, маркетингілік және басқа да бағдарламалар мен науқандарға қатысу, сондай-ақ Ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, маркетингілік және (немесе) статистикалық және (немесе) басқа да зерттеулерді жүргізуге, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге, Қатысушыны жаңа көрсетілетін қызметтер, арнайы ұсыныстар мен жарнамалық науқандар, Ұйымдастырушы ұсынатын жеңілдіктер мен бонус жүйелері туралы хабардар етуге, Қатысушымен түрлі байланыс құралдарының, соның ішінде (шектеусіз) Қатысушының электрондық поштасына (e-mail), ұялы телефонына (смс-ақпараттандыру және қоңырау соғу), сондай-ақ push-құлақтандыру, тиісті ақпаратты, соның ішінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» № 508-II Заңының 3-бабыныңмағынасындағы жарнама ұғымына сәйкес келетін ақпаратты тарату арқылы хабардар етуге бағытталған зерттеулерді жүзеге асыруы мақсатында, сондай-ақ Ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінде (Салық кодексі) көзделген міндеттерді орындауы мақсатында өңдеуге Қатысушының келісетінін білдіреді.
● Науқанға қатысуы арқылы Қатысушы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V Заңының талаптарына сәйкес өз еркімен және өзінің мүддесінде әрекет ете отырып, Ұйымдастырушы мен үшінші тұлғаларға (Қазақстан Республикасының дербес деректердің құпиялығы және оларды өңдеу кезінде дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда) Ұйымдастырушы мен оның контрагенттерінің автоматтандыру құралдарын және дерекқорларды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, басқа да бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, сондай-ақ қолмен де, Ұйымдастырушы мен оның контрагенттерінің ішкі желісі арқылы да, сондай-ақ Интернет желісі арқылы да, онсыз да Қатысушының дербес деректерін өңдеуге (жинау, жазу, жүйеге келтіру, жинақтау, сақтау, растау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалануға, таратуға, беруге, табыстауға (соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына табыстауға және шекара арқылы табыстауға), беруге, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға өз келісімін береді. Пайдаланылатын өңдеу тәсілдеріне мыналар кіреді, соның ішінде (шектеусіз): көше/елді мекен атауларының жазылуын автоматты түрде тексеру, деректерді Қатысушымен телефон, пошта байланысы арқылы немесе Интернет желісі арқылы хабарласып нақтылау, берілген талаптар бойынша дерекқорларды сегменттерге бөлу. Осы келісімді Қатысушы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті немесе қалаулы болатын, Қатысушыға қатысы бар кез келген ақпаратқа қатысты Қатысушының дербес деректеріне, соның ішінде мыналарға қатысты кез келген іс-әрекеттің жүзеге асырылуына береді: тегі, аты, әкесінің аты; жынысы; туған жылы, айы, күні (ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда - жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжат нөмірі, берілген күні, берген органның атауы, сондай-ақ тіркеу туралы мәліметтер, ЖСН нөмірі), телефон нөмірлері (жұмыс, үй, ұялы телефон), электрондық пошта мекенжайы және Қатысушы Ұйымдастырушыға берген басқа да мәлімет. Ұйымдастырушының талабы бойынша аталған келісімді Қатысушы жазбаша пішінде береді. Келісім шектелмеген мерзімге беріледі және оны Қатысушының сұрауы бойынша қайтарып алуға болады.
● Енгізілген өзгертулер туралы Бағдарлама Қатысушыларына қосымша хабарламай, осы Ережелердің жаңа оқылымын indriver.com сайтында жариялау арқылы Ережелерге өзгерту енгізуге Ұйымдастырушының құқығы бар.
● Ұйымдастырушы осы Ережелерде көзделген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға Қатысушылармен жазбаша келіссөз жүргізбеу немесе басқаша түрде хабарласпау құқығын өзінде қалдырады.